СҚО-да көкөніс алқаптары шамамен екі есеге ұлғайтылмақ

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Солтүстік Қазақстан облысын биыл сәбіз, картоп және қырыққабатпен толық қамту үшін егістік алқаптары шамамен екі есеге дейін ұлғайтылмақ, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО әкімдігінде көктемгі егіс науқанына дайындық барысы пысықталды.

Өңір басшысының бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетовтың айтуынша, биыл 4,5 млн га алқапқа дақыл егілмек. Мемлекет басшысының тапсырмасына орай ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыру бойынша биыл 3,2 млн га дәнді және бұршақ дәнді дақылдар, 960 мың га майлы дақылдар, 353 мың га жемшөп егілмек. Ал картоп 34,1 мың га, көкөніс 6,2 мың га алқапты алатын болады.

— Өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, ішкі нарықты әлеуметтік маңызды азық-түлікпен толтыру мақсатында биыл қарақұмық алқабы үш есеге – 9 мың га 27 мың га дейін ұлғайтылды. Шаруашылықтар картоп алқаптарын 1,5 есе – 4,8 мың га 78 мың га дейін жеткізіп отыр. Сәбіз алқабы 0,2 мың га 0,4 мың га дейін екі есе, қырыққабат 0,1 мың га 0,22 мың га дейін 2,2 есе ұлғайтылады. Бұл жұмыс өңірдің осы өнімдерге қажеттілігін толық жаппақ, — дейді Марат Тасмағанбетов.

Қазіргі уақытта өңірдің ауылшаруашылығы құрылымдары тұқыммен толық қамтылған. Көктемгі егісті өткізуге 488,5 мың тонна тұқым қажет. Биыл жоспар бойынша 9,5 % тұқым жаңартылмақ.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz