СҚО-ның жеті азаматына жаңа жеке куәлік берілді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Жыл басынан бері КСРО паспортымен жүрген 7 солтүстікқазақстандық тұрғынға жаңа жеке куәлік берілді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қазақстан азаматының жеке басын куәландыратын құжаттар республикада 1994 жылы енгізілді. 1974 жылғы үлгідегі паспорты бар адамдар бірқатар қызметтерді ала алмайды, төлемдерді рәсімдеуде түрлі кедергілерге тап болады. Дегенмен, бірқатар тұрғындар қандай да бір себептермен ескі төлқұжаттармен өмір сүріп келеді.
СҚО ПД көші-қон қызметінің қызметкерлері оларға құжат беру жұмыстарын жалғастыруда. Петропавл қаласының 49 жастағы тұрғыны құжаттарды рәсімдеуге көмек сұраған. Көші-қон полицейлері азаматтығын анықтау рәсімін жүргізді.

– Қала тұрғыны үшін жеке куәлік дайындалды, енді ол біздің мемлекетіміздің барлық қызметтерін пайдалана алады. Ескі құжаттарды пайдаланатын солтүстікқазақстандықтарды мәселені шешуді кейінге қалдырмауға және өздерінің құқықтық мәртебесін реттеуге шақырамыз, – дейді СҚО ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Талғат Әбілов.

Жыл басынан бері көші-қон қызметінің қызметкерлері СҚО-ның жеті тұрғынына ҚР азаматтарының куәлігін алуға көмектесті.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz