Петропавлдағы орталық саябақта шоғырланған аттракциондар паркінің әткеншектері сынақтан өтті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Жазғы маусымға әткеншектерді «Аттракциондар әлемі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметкерлері тексерді. Олар балалардың орнына құм салынған қапшықтарды қойып, қауіпсіздігін бағамдады.
— Биыл бізде 4 жаңа аттракцион орнатылады. Олардың 3-і осы саябақта орналасса, 1-еуі «Жеңіс» саябағында қойылады. Сонымен қатар 2 жаңа батут болады. Сондай -ақ «Орбита» әткеншегін жаңартамыз, – деді «Аттракциондар әлемі» ЖШС директоры Александр Козлов.
Орталық қалалық саябақ пен «Жеңіс» саябағындағы аттракциондар балалар мен ересектердің сүйікті демалыс орнына айналғаны анық. Бүгінгі жүргізіліп отырған жұмыс оны одан да жайлы етуге бағытталған. Жаңа төсеніштер төселіп, 600 мың гүл көшеті сатып алынды.