ҰҚК департаментінің қызметкерлері балаларға экскурсия ұйымдастырды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Ұлттық қауіпсіздік комитеті облыстық департаментінің қызметкерлері М.Жұмабаев ауданындағы өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілеріне арнап  «Ашық есік күнін» ұйымдастырды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

«Ашық есі күні» аясында балалар  департаменттің жедел басқару орталығына,  ауқымды жиындар өткізілетін залына және мұражайға экскурсия жасады. Мұражайда бүлдіршіндерге  ұлттық қауіпсіздік органдарының қалыптасу тарихы жайлы айтылып, мұрағаттық фотосуреттер және қару-жарақ пен байланыс құралдары көрсетілді. Орталық тәрбиеленушілері  қызметкерлер қолданатын арнайы құрал-жабдықтар мен қару-жарақтарды ерекше қызығушылықпен тамашалады.  Содан кейін балаларға ұлттық қауіпсіздік қызметі туралы бейнеролик көрсетіліп,  естелік сыйлықтар табысталды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz