Мамырдың 1-нен бастап саяжай қауымдастықтарына қоғамдық көліктер қатынайтын болады. Автобустар 13 бағыт бойынша жүреді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, биыл саяжайшылардың өтініштері назарға алынып, №33 бағыт бойынша жүретін 2 автобус жолға шығады.
— Қоғамдық көліктер қазан айына дейін саяжайларға қатынамақ (ведомствоаралық комиссияның шешімі бойынша саяжайлық маусымның уақыты қазанның 15-не дейін ұзаруы мүмкін). Жол жүру ақысында еш өзгеріс жоқ. Ол қазіргі қоғамдық көліктің тарифіне сай келеді. Яғни, қолма-қол ақшамен — 130, картамен — 80 теңге. Сондай-ақ, мамыр айында саяжай жолдарын қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізіледі, – делінген хабарламада.
Саяжайларға қатынайтын бағыттар:
— №30 бағыт «ҚР ҰҰ Әскери академия – Ракета б/с»
— №32 бағыт «Автовокзал – Гудок б/с»
— №33 бағыт «Автовокзал – Ракета б/с»
— №34 бағыт «№3 қалалық монша – Белое б/с»
— №35 бағыт «Автовокзал – Фаза б/с»
— №36 бағыт «Қазақстан кинотеатры — Тихая роща б/с»
— №38 бағыт «Автовокзал- Космос б/с»
— №40 бағыт «Автовокзал – Старт б/с»
— №41 бағыт «№3 қалалық монша – Веснянка б/с»
— №42 бағыт «20 шағынаудан – Гудок б/с»
— №43 бағыт «Автовокзал — Энергетик – 1 б/с»
— №44 бағыт «Пирамида СҮ — Звездочка б/с»
— №45 бағыт «Пирамида СҮ- Горизонт б/с».