36 елді мекенге сапалы ауыз су жетеді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Биыл облыстың елді мекендерін сапалы ауыз сумен қамту мақсатында 10,8 млрд. теңге бағытталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыстық экономика басқармасының басшысы Қуанышбек Қалижановтың айтуынша, үстіміздегі жылы таза ауыз сумен 36 ауыл қамтылады. Бюджеттен қарастырылған қаражатқа 250 шақырым болатын су өткізгіш құбырлар салынады.

– 2022 жылы халықты сумен қамту үшін 8,9 млрд. теңге бөлініп, 55 елді мекенде су мұнаралары мен жаңа су өткізгіш желілер тартылды. Осылайша 33,5 мың тұрғынға тіршілік нәрі жетті. Биыл бұл жұмыс жалғасып, жыл соңына дейін облыстағы сумен қамтылған халықтың үлесі 87,9 пайызды құрамақ деп күтілуде, – дейді Қуанышбек Қалижанов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz