СҚО әкімі: «Жылу үздіксіз беріледі»

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавл жылу электр орталығын жөндеуге инвестор 12 млрд. теңге бөлді. Бұл туралы СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов айтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

— Жылу электр орталығы туралы айтар болсақ, өзіңіз білетіндей, 23 қыркүйекте жұмысқа кірістім.Өнеркәсіп саласындағы адам болғаннан кейін бір аптадан соң сол ЖЭО-ға барып, жиналыс өткізген едім. Түтін мұржасы деп жатырмыз ғой. 180 метрлік сол мұржаны көтеру керек еді. Конкурстан мердігер компания өтті. Жұмыстарды істеді. Бірақ, мұржа 36 метрге көтерілген кезде осьтен ауытқу болып, жұмыс тоқтатылды. Бірақ жұмыс кестесі бар. Жұмыс істеліп жатыр. Осьтен ауытқығаннан кейін оны бұзып жатыр. Желтоқсанның 8-де олар зертхананың шешімін алуы керек. Солкезде нөлдік деңгейге дейін мұржаны құлата ма әлде 21 метрді қалдырып, ары қарай көтере ме қарайды. жалпы 12 млрд. теңге қаражаты бар, — деді өңір әкімі орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Оның атап өтуінше, аталған қаражатты Орталық Азия электр энергиялық корпорациясы бөліп отыр. Қаражаттың 1,8 млрд. теңгесі түтін мұржасына бөлінген. Ал бюджеттен қаражат бөлінген жоқ.

— Электр желілерінің тозған жағдайы бар. Екінші жылу желісінің де мәселесі бар. Бірақ ешқандай апат, ешқандай проблема осы қыста болады деп айта алмаймыз. Ондай проблема жоқ, — деді Ғауез Нұрмұхамбетов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz