Облыстың денсаулық саласында өзегін жоймай келе жатқан мәселелердің бірі – кадр тапшылығы. Бүгіндері медицина мекемелеріне 183 маман жетіспей отыр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, өңір тұрғындарына 5699 медицина маманы қызмет көрсетіп келеді. Оның 1248-і дәрігер, 4451-і орта санаттағы қызметкер. Десе де әлі күнге дейін кадр тапшылығы байқалады.
– 2022 жылы өңірге 280 дәрігер келсе, олардың 185-і облыс орталығындағы емдеу мекемелеріне жұмысқа орналасты, 95-і елді мекендерге жіберілді. Олардың 167-не көтермеақы төленді, – дейді СҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нұрболат Иманжанов.