Облыстық полиция департаменті «Менің қаламдағы қауіпсіз жол қозғалысы» атты сурет байқауының қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Байқауға 9 бен 14 жас аралығындағы мектеп оқушылары қатысты. «Бала және бағдаршам» республикалық жобасы аясында ұйымдастырылған сынға өңіріміздің жас қыл қалам шеберлері өз мүмкіндіктерін саралап көрді. Нәтижесінде Айлана Таңатар жеңімпаз атанса, екінші орын Вячеслав Куксқа бұйырды. Үздік үштікті София Ноздрина түйіндеді. Оларға грамоталар мен естелік сыйлықтарды облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Қанат Айтбаев табыстады.
СҚО-да жыл басынан бері кәмелеттік жасқа толмағандардың қатысуымен бес жол-көлік апаты тіркелді. Салдарынан бір бала көз жұмса, төртеуі түрлі дене жарақатын алды.