Бруцеллез ауруы анықталған 60 мал жойылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Жыл басынан бері облыста алпыс шақты малдан бруцеллез ауруы анықталды. Эпизотиялық жағдайлар өңірдің үш ауданында тіркелді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыстық ветеринария басқармасының мәліметінше, ауру мал жоспарлы диагностикалық зерттеу барысында анықталған. Қызылжар ауданы Светлопольский ауылдық округі әкімінің шешімімен 19 сәуірде Байсал ауылының бірнеше көшесіне шектеу шаралары енгізілді. Қазіргі уақытта республикалық эпизоотияға қарсы жасақ елді мекенде сауықтыру іс-шараларын жүргізіп жатыр. Бұл ауылдан малды және мал өнімін сыртқа шығаруға тыйым салынған. Анықталған ауру мал жойылды.

– Шектеуді алу үшін мал бруцеллезге екі рет тексеріліп, екеуінде де теріс нәтиже көрсетуі тиіс. Жалпы осы Қызылжар ауданында жыл басталғалы 9 малдан ауру анықталды. Бұдан басқа Айыртау мен Ақжар аудандарында ірі қараға сарып диагнозы қойылды. Ауырған малдың жалпы саны – 58, — дейді СҚО Ветеринария басқармасының бас маманы Нариман Тасболатов.

Жыл басталғалы 150 мың бас ірі қара мен дәл осынша ұсақ малдан сынама алынды. Бұл өңірдегі тексерілуі тиіс түліктің 65 пайызы. Былтыр зертханалық зерттеу нәтижелері бойынша 6 ауданның 27 елді мекенінде бруцеллезбен ауыратын 206 ірі қара мал анықталды, бұл 2021 жылғыдан 254 басқа аз. Жойылған ауру мал үшін иелеріне 36,3 млн теңге өтемақы төленді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz