Чехиядан ірі қара жеткізілді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Шал ақын ауданына Чехиядан симментал және гольштейн тұқымдас 120 бас ірі қара жеткізілді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, малды «ZHA GROUP» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі сатып алды. Сүтті бағыттағы тайыншалар Шал ақын ауданындағы тауарлы-сүт фермасына әкелінді.

– Серіктестік аудандағы алғашқы заманауи сүт кешенін іске қосуды жоспарлап отыр. Облысты кешенді дамыту бағдарламасы аясында шаруашылыққа мал мен технологиялық жабдықты сатып алуға 400 млн. теңге көлемінде несие берілді, — деп хабарлады серіктестіктің баспасөз қызметі.

Өңірде сүт өндірумен 100-ден астам агроқұрылым айналысады. Бес жыл ішінде облыста 30 сүт фермасы іске қосылды. Тағы 15-і салынуда, оның тоғызы биыл іске қосылады деп күтіледі.

– Облысты дамытудың кешенді жоспары шеңберінде республикалық бюджеттен қаражат бөлу қарастырылған. Соңғы екі жылда мал шаруашылығын дамыту бойынша 20 млрд. теңге игерілді. Биыл тағы 17 млрд. теңге бөлу жоспарлануда. Алыс шет елдерден сүтті бағыттағы асыл тұқымды мал басын сатып алу кезінде мемлекеттік қолдау нормативі бір басқа шаққанда 400 мың теңгені, ТМД және Украина елдерінен – 225 мың теңгені, Қазақстан ішінде — 200 мың теңгені құрайды. Сүт өндірісінің құнын, жемшөп шығындарының құнын арзандатуға субсидиялар төленеді, — дейді СҚО ауыл шаруашылығы басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы бес жылдың ішінде облысқа Еуропа елдерінен 16 мыңға жуық ірі қара мал әкелінді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz