Малдарын қараусыз қалдырған

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Жолға шығып кеткен жылқы көлік астына түсті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Тайынша ауданында табын иесінің жылқыларға қарамауы салдарынан республикалық маңызы бар «Көкшетау — Омбы» автожолының 100 шақырымында жол-көлік оқиғасы тіркелді. Қорадан қашып кеткен ат Аққұдық ауылынан 10 шақырым жерде жолға шығып, «Mitsubishi» көлігінің астына түсті. Салдарынан теміртұлпарға зақым келген.

– Жылқының иесі 31 жастағы жергілікті тұрғын Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 408-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ ол автокөлік иесіне келтірілген залалды өтеді. Полиция қызметкерлері еркін жайылымға жол бермеу бойынша тұрақты жұмыс жүргізіп жатыр. Жыл басынан бері ауданда ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы бойынша 262 хаттама жасалды, оның 43-і қыркүйек айында тіркелген, – дейді Тайынша ауданы ПБ бастығының бірінші орынбасары Арғын Аманбаев.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz