СҚО-да білім бөлімдері балабақшаларды негізсіз тексермек болған

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Солтүстік Қазақстан облысында білім бөлімдері жекеменшік мектепке дейінгі білім беретін ұйымдарды заңсыз тексермек болған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мұны тексеріс барысында анықтады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жалпы республикалық тәжірибені талдау аясында шағын және орта бизнес өкілдерін негізсіз тексеру фактісінің алдын алды.

Облыс аудандарының және Петропавл қаласының білім бөлімдері жеке балабақшалармен жасаған шарттарға оларды тексеру іс-шараларымен қамту құқығын беретін тармақты енгізген. Мәселен, СҚО-да 18 жекеменшік мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді, кәсіпкерлермен білім бөлімдері мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында қызмет көрсету шарттарын жасасқан.

— Осылайша, тапсырыс берушілер ҚР Кәсіпкерлік Кодексі нормаларының талаптарына, сондай-ақ 2024 жылдың 1 қаңтарына дейін шағын-орта бизнес нысандарын тексеруге мораторий жарияланғанына қарамастан бақылау және қадағалау органдарының функцияларын өздеріне жүктеген, — деп түсіндірді ведомство.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаменті басшылығы мен облыстың білім басқармасы басшылығы кездесіп, нәтижесінде заңды бұзатын тармақты шарттардан алып тастау туралы шешім қабылдады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz