Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажет

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Солтүстік Қазақстан облысында ауа температурасының жоғарылауына байланысты өрт қаупі артты. Құтқару қызметі өңір тұрғындарына тиісті ескерту таратуда, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, сәуір айында шөп мен қамыстардың өртенгендігі туралы дерек көбейген. Бүгіндері Петропавл, Тайынша, Қызылжар, Шал ақын, Есіл және Мамлют аудандарының аумағында 133 жағдай тіркелді. Қызыл жалын шарпыған аумақтың ауданы 55 гектарды құрады. Негізгі себеп – тұрғындардың өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамауы.

– Облыс тұрғындарынан өрт қауіпсіздігі шараларын сақтауды және ормандарда, саяжай құрылыстарының жанында, құрғақ жерлерде от жақпауды сұраймыз. Өрт туындаған жағдайда ол туралы «101» немесе «112» нөміріне дереу хабарласу қажет, – делінген СҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Бүгін облыс бойынша ауа температурасының 23-28 градусқа дейін көтерілуі, аймақтың көп бөлігінде оңтүстік-батыстан соғатын желдің секундына 15-20 метрге дейін жететіндігі күтілуде.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz