Жұмысшы кентінде үй өртенді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Бүгін Петропавлда жеке тұрғын үй өртке оранып, екі адам зардап шекті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт оқиғасы жайлы хабар «101» пультіне бүгін сағат 05:52-де түсті. Белгілі болғандай, Жұмысшы кентіндегі Матвеев көшесінде жеке тұрғын үйдің бірі өртке оранды. Қызыл жалынды ауыздықтауға екі өрт сөндіру бөлімі жұмылдырылды.

– От 30 шаршы метр аумақты шарпыды. Оқиға орнынан күйік шалған және түрлі дене жарақатын алған екі адам құтқарылды. 1978 жылғы әйел және 1983 жылы туған ер адамға дереу медициналық көмек көрсетілді. Қызыл жалын сағат 06:31-де оқшауланып, сағат 06:47 минутта толықтай ауыздықталды. Қазіргі уақытта себептері анықталуда, — дейді баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz