Алматы қаласында өткен жартылай марафонда жерлесіміз жүлдегер атанды. Ирина Мотур 21 км 100 метр қашықтықта қола медальді еншіледі, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Республикалық жартылай марафонда еліміздің түкпір-түкпірінен жүздеген спортшы жиналды. Бұл жарыста солтүстікқазақстандық Ирина Мотур өңір намысын абыройлы қорғап қайтты. Қызылжарлық келіншек 25-29 жас аралығындағы санатта өнер көрсетті. Ол 21 км 100 метрлік қашықтықты 1 сағат 40 минут 38 секундтің ішінде бағындырып, қола жүлдегер атанды.
Ирина Мотур облыстық олимпиадалық резервтегі мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің студенті. Бұл жерлесіміз қатысып жатқан алғашқы марафон емес. Бұған дейін жерлесіміз өзге де республикалық және халықаралық марафондарға қатысқан болатын.