Солтүстік Қазақстан облысында «Автобус» жедел алдын алу іс-шарасы өтуде. Мақсаты – қоғамдық көліктің қауіпсіздігін нығайту, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Акция аясында тәртіп сақшылары автобустарды рейс алдында тексеріп, жүргізушілерді медициналық сараптамадан өткізеді. Жолаушыларға арналған сақтандыру полисін, көлік құралдарының техникалық жай-күйін, оның ішінде өрт сөндіргіштер мен балғалардың болуын қоса алғанда, құқық белгілейтін құжаттардың болуы – адамдар қауіпсіздігінің барлық аспектілері жіті назарда болады. Жалпы, тасымалдаушы жүргізетін бақылау ешқандай шағым тудырған жоқ.
– Қоғамдық көлік жолаушыларының қауіпсіздігі әрқашан полицияның назарында. Жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі, сондай-ақ бейінді жедел-профилактикалық іс-шаралар мен акциялар жоспарланған, оның барысында жолаушылар тасымалының сапасы тексерілетін болады, – дейді СҚО ПД ЖПҚ басқармасының бастығы Айдын Байматов.
Жыл басынан бері облыста автобус жүргізушілерінің қатысуымен жол-көлік оқиғалары тіркелмеді. Бұған дейін Петропавлда техникалық ақаулары бар көлік құралдарын пайдалануға шығарғаны үшін бір адам жауапқа тартылған болатын.