Жыл басынан бері СҚО-да заңсыз қару мен оқ-дәрілерді сақтаудың 3 фактісі анықталды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Биыл қаңтар-сәуір айлары аралығында Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция органдарымен бірге прокуратураның үйлестіруімен заңсыз қаруды іздестіру және тәркілеу бойынша, «қаңтар оқиғалары» кезінде ұрланған қаруға қатысты бірқатар жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде Қазақстанның 11 аймағында 268 қару, оның ішінде 38 «Калашников» автоматы, 126 мылтық, 104 тапанша, 21 граната, 4 жарылғыш құрылғы, түрлі калибрлі 30199 оқ-дәрілер, сонымен қатар броньды кеудеше, қорғаныш дулығасы, қол-кісендер, автомат оқжатарлары, қалқандар мен радиостанциялар тәркіленді.

— Жедел қызметкерлер жасырылған қару мен оқ-дәрілердің негізгі бөлігін мына жерлерден анықтады: Алматыда – 4, Байқоңырда – 1, Қостанайда – 1, Семейде – 1, Өскеменде – 1, Ақтөбеде – 1, Алматы облысында – 3, Жамбыл облысында – 4, Жетісу облысында – 2, Павлодар облысында – 1, Солтүстік Қазақстан облысында – 3. Заңсыз айналымдағы қаруды іздеу мен тәркілеу жалғасуда, – деп хабарлайды ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz