СҚО-да алимент төлемей жүрген 21 азаматқа қылмыстық іс қозғалды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің статистикалық дерегі бойынша, Қазақстанда алимент төлемегені үшін 1 618 адам іздестіріліп жатыр. Оның 1476-сы ер адам және 142-сі әйел адам, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Қадағалаушы орган жариялаған статистикаға сүйенсек, іздеуде жүргендердің көбінің жасы 31-40 жас аралығында екен.

Өңірлер бойынша қарастырсақ:

  • Астана – 361,
  • Алматы – 191,
  • Ақтөбе облысы – 143,
  • Қостанай облысы – 140,
  • Жамбыл облысы – 140,
  • Павлодар облысы – 108,
  • Алматы облысы – 102,
  • Маңғыстау облысы – 59.

2023 жылдың 9 айында СДТБТ-да алимент төлеу жөніндегі міндеттерді қасақана орындамау фактілері бойынша 427 қылмыстық іс тіркелген (қылмыстық кодекстің 139-бабы).

Анықтама ретінде: Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Аймақ бойынша мұндай қылмыстық құқық бұзушылықтадың ең көп бөлігі :

  • Маңғыстау – 46,
  • Алматы (о) – 45,
  • Қостанай – 44,
  • Шығыс Қазақстан – 43,
  • Павлодар – 40,
  • Қарағанды – 35,
  • Абай – 32,
  • Ақмола – 26,
  • Солтүстік Қазақстан-21,
  • Астана (қ) – 17 тіркелген.

Осы кезеңде Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша 207 адам сотталды.

4 – бас бостандығынан айырылды,

2 – шартты түрде сотталды,

196 – бас бостандығын шектетілді,

5 – қоғамдық жұмыстарға тартылды.

— Жалпы алимент бойынша сот орындаушылардың өндірісінде алимент өндіріп алу туралы 309 670 атқарушылық іс орындауда болды, — дейді Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетте.

Бұл ретте балаларға ғана емес, ата-аналарын, жұбайын (зайыбын) күтіп-бағуға да алимент өндіріп алынады.

  • 291 886 атқарушылық іс – балаларды күтіп-бағуға арналған алимент бойынша;
  • 773 атқарушылық іс – еңбекке қабілетсіз ата-аналарын күтіп-бағуға;
  • 4 506 атқарушылық іс – еңбекке қабілетсіз жұбайын (зайыбын) күтіп-бағу өндірістері болды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz