Қызылжар ауданының учаскелік полиция инспекторлары өрттің алдын алды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО-да полицейлер өрттің алдын алды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Сәуірдің 27-сі қараған түні Қызылжар аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне жергілікті тұрғыннан қоңырау келіп түсті. Ол жеке үйдің шатырының түтіндеп жатқандығы туралы хабарлады. Кейін белгілі болғандай, әйел толқығаннан шұғыл қоңыраулардың нөмірлерін шатастырып алып, содан кейін ғана өрт сөндіру бөліміне хабарласқан.

Оқиға орнына ПБ кезекші қызметкерлері — учаскелік инспектор Әсет Тоқтамыс пен әкімшілік полиция қызметкері Жанболат Әділов жіберілді.

– Бақытымызға орай, түнде қатты жел болғанына қарамастан, от тұтанып үлгермеген. Өрт сөндірушілер бізден кейін бес минут өткен соң келді, осы уақытқа дейін біз өртті сөндіре алдық. Тұрғындар пешті түсте жаққанын айтты. Олар жел әкелген ұшқын қиындыққа алып келген деп санайды. Жеке үйлерде тұратын барлық адамдарға қырағы болуға және өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға кеңес береміз, — дейді Жанболат Әділов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz