Петропавл жылу-электр орталығының қуаты жаңа үйлерді жылумен қамтамасыз етуге жетеді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыстың құрылыс компанияларының өкілдері Петропавлдағы жылу-элетр орталығының жағдайына алаңдаулы. Олар жаңа жылыту маусымында салынған көпқабатты тұрғын үйлерге жылу жетпеуі мүмкін деп дабыл қағуда, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Бұл мәселені құрылысшылар облыстық кәсіпкерлер палатасында өңір басшысының орынбасары Сәтжан Аблалиевтың қатысуымен өткен кездесуде көтерді. Шенеунік әзірге алаңдаушылық негізсіз екенін алға тартып отыр.

– Станцияның қуаты-713 Гкал. Таратылған техникалық шарттарға инспекция жүргізілді. Тексерістен кейін берілген техникалық шарттарды азайту туралы шешім қабылданды. Жылу қуаты әлеуметтік нысандармен қатар, алдағы 2-3 жылдың ішінде салынатын тұрғын үйлерді жылумен қамтуға жеткілікті. Биыл жаңа нысандарға техникалық шарттарды тарата бастаймыз, — деді Сәтжан Аблалиев.

Облыс әкімінің орынбасары биыл Петропавл ЖЭО-2-де жөндеу жұмыстары жалғасып, жаңа түтін құбырының құрылысы басталатынын айтты.

– Өткен жылы жылыту маусымына дайындық кезінде акционерлер қазандықтарды, ғимараттарды, газ құбырларын жөндеуге 12,5 млрд. теңге бөлді. Жақында облыс әкімі акционерлермен кездесті. Олар алдағы жылыту маусымының жоспарлары туралы хабарлады. ЖЭО-ны әртүрлі жөндеуге шамамен 9 млрд. теңге салынады, жаңа түтін құбырының құрылысы басталады. Құрылыс жыл соңында аяқталады, — деді СҚО әкімінің орынбасары.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz