Президенттің келесі аптада қандай іс-шараларға қатысатыны белгілі болды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін іс-шаралар аңдатпасын Ақорда жариялады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін іс-шаралар аңдатпасы:

2 мамыр күні президент Сыртқы сауда, экономикалық тартымдылық және шетелдегі француз азаматтарының істері жөніндегі министр-делегат, Қазақстан-Франция Үкіметаралық комиссиясының тең төрағасы Оливье Бештті қабылдайды.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевтың былтыр қараша айында Францияға ресми сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру мәселелері талқыланады деп жоспарланып отыр.

3 мамырда мемлекет басшысы ФИФА президенті Джанни Инфантиноны қабылдайды.

3-4 мамырда Астанаға Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон мемлекеттік сапармен келеді.

Екі ел басшылары шағын және кеңейтілген құрамда өтетін келіссөздер барысында Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту перспективаларын талқылайды.

5 мамырда президент – Жоғарғы Бас қолбасшы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Бүкілармиялық кеңес өтеді.

Жиын барысында әскери саланы дамытуға және әскер дайындығына, сондай-ақ Қазақстан армиясын технологиялық тұрғыда жаңғыртуға қатысты мәселелер қарастырылады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz