Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
Қазақстан халқының бірлігі күні– тұрақтылық пен тыныштықты, татулық пен келісімді дәріптейтін мейрам. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтауында айтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Президенттің сөзінше, ел бірлігі – біздің баға жетпес байлығымыз, мемлекеттілігіміздің берік негізі. Қазақ жері сан алуан этнос өкілдерінің құтты мекеніне айналған.

— Барлық азаматтарымыз өткен тарихы, бүгіні мен болашағы бір екенін терең ұғынады. Өйткені жұртымыздың құндылықтары да, арман-мұраттары да ортақ. Түптеп келгенде, бәріміз – үлкен қара шаңырақтың, біртұтас қазақ ұлтының перзенттеріміз.Еліміздің өсіп-өркендеуі қолға алған реформалардың тиімді жүзеге асырылуына байланысты. Біз осы іргелі мақсаттарға мызғымас бірліктің арқасында ғана қол жеткіземіз, — деді Президент.

Халқымыз «Ырыс алды – ынтымақ» дейді. Бабаларымыздың бұл өсиеті – Әділетті Қазақстандағы басты ұстанымның бірі. Біз татулық, теңдік және әділдік қағидаларына негізделген қоғам құрамыз.

— Бірлігі жарасқан жұртымыздың абыройы асқақ болсын! Баршаңызға бақ-береке және толағай табыс тілеймін! Мереке құтты болсын, ағайын! — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz