Назарбаев зияткерлік мектебінде 8 ұлттың өкілі оқиды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Назарбаев зияткерлік мектебінде Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «DÄSTÜR FEST» мерекелік шарасы өтті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Бүгіндері Петропавлдағы Назарбаев зияткерлік мектебінде 8 түрлі этностың балалары білім алып жүр. Мерекеге орай әр халық өз дәстүрлері жайлы тіл қатып, өнерлерін ортаға салды.

Қазақ, орыс, украин, әзірбайжан, башқұрт, татар, неміс және корей ұлтының өкілдері өз салт-дәстүрлерін таныстырып, барша оқушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлады.

10-сыныпта оқитын Алихан Гусейнов мерекеге орай анасымен әзірбайжан ұлтының бай дастарханынан табылатын тағамдар даярлап, мектептің өзге оқушыларына таныстырды.

— Біздің отбасымызда қой етінен және қарапайым маринадты қолданып кебаб әзірлейміз. Бүгін долма дайындадық. Әзірбайжан тілінде долма «толтыру» дегенді білдіреді. Бұл тартылған ет пен күрішке толтырылған жүзім жапырағынан жасалған тағам, — дейді Әлихан Гусейнов.

Жиналғандарға қазақ халқының салт-дәстүрлері, өнері мен ұлттық ойындары да таныстырылды. Кез-келген ұлттың өкілдері домбыраның күмбірін тыңдап, ұлттық ойындарға ат салысты.

Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне орай 7-8 сынып оқушылары «Анамның ақ жаулығы» шарасына да қатысып, өз анасының бір жаулығын әкеліп, одан үлкен текемет құрастырды. Мектеп ұстаздары осылайша оқушыларға бейбітшіліктің маңызын көрсетуді мақсат еткен. Өйткені әр ананың арманы – баласының бейбіт аспан астында өсір сүруі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz