Жүзім фестивалі өтті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлда жүзім фестивалі өтті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Жүзім фестивалі – армян халқының ежелгі мерекелерінің бірі. Оның пайда болуы христиан дәстүрімен тығыз байланысты. Осы мереке тойланған күннен  бастап жүзімді егін үшін де, шарап үшін де жинауға болады деген түсінік қалыптасқан.

«Кентрон» армян мәдениеті облыстық орталығы» қоғамдық бірлестігінің  мүшелері фестивальге   өзге ұйымдардың өкілдерін шақырыпты. Олар ең алдымен сәндік-қолданбалы өнер  көрмесін тамашалап,  армян шараптарының түрлі сорттарымен танысты. Жүзім жапырақтарынан дайындалатын дәстүрлі армян тамағы – долма пісіру бойынша шеберлік сыныбы  ұйымдастырылды.

— Біз бұл мерекені  алғаш рет атап өткізудеміз. Жүзім Арменияның барлық  өңірінде өсіріледі. Бұл жемістің «Кангун», «воскеат» және «арени» деп аталатын  түрлері  ерекше танымал. Шарада өңіріміздегі барлық этномәдени бірлестіктердің басын қосуға тырыстық. Еліміздегі бірлік пен татулықты нығайтуда осындай шаралардың көмегі зор,  — деді «Кентрон» армян мәдени облыстық орталығы» төрағасының орынбасары Светлана Малхасян.

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz