Дубайдан жүлдемен

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Дубайда «DANCE-FEST DUBAI» халықаралық фестиваль-байқауы өтіп жатыр. Хореографиялық сынға өңіріміздің атынан «Sensitive» би театры қатысып, бас жүлдені ұтып алды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Фестиваль-байқауға 6 елден 200-ден астам биші қатысты. Осы жолғы өнер сайысына «Sensitive» би театры «Искусство в движении» халықаралық шығармашылық жобасының ұйымдастыру комитеті шақыртуымен аттанған болатын. «Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған облыстық (арнайы) түзету мектеп-интернаты» КММ оқушылары сынға түсіп, бас жүлде жерлестерімізге бұйырды.

Би театрының әртістері «Танго» және «Самба» хореографиялық қойылымдарын ұсынып, «Дуэт» номинациясы бойынша 1 орынға ие болды. Ал «Спойлер» хореографиялық қойылымы «Соло» номинациясы бойынша 1 орынға лайық деп танылды.  Мектеп-интернаттың ересектерден құралған би тобы «Вена вальсі» және «Самба» хореографиялық қойылымдарымен 1 орынды иеленді.

Қазылар алқасы «Sensitive» би театры мен оның көркемдік жетекшісі Ольга Ростовщиковаға арнайы сыйлықты тарту етті. Қазақстан Республикасының БАӘ-дегі бас консулы Рауан Жұмабек би театрын арнайы жүлдемен және естелік дипломмен марапаттады, сондай-ақ БАӘ-нің басты көрікті жері Бурдж Халифаға сертификаттар табыстады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz