Облыста үй жануарларын таңбалау жұмыстары жүргізілуде

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыста үй жануарларын есепке алу жөніндегі «ТАNBA» ақпараттық сервисі жұмыс істеп жатыр. Бүгінгі таңда жануарлардың 566-сы есепке қойылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Жануарларға чип салу иелерінің оларға неғұрлым жауапкершілікпен қарауға септігін тигізеді. Ол – арнайы чиптерді қолдана отырып, жануарларды таңбалаудың қауіпсіз және заманауи әдістерінің бірі. Чипті жануарға енгізу ауыртпай жасалатын процедура.

Облыстық ветеринария басқармасының мәліметінше, 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап үй жануарларын есепке қою міндет болып табылады.

— Чип дербес 15 мәнді цифрлық кодтан тұрады. Ал жануар мен оның иесі туралы ақпаратты сақтау үшін чип тағылған жануарлардың электрондық дерекқорлары пайдаланылады. Он бес цифрлы ұяшық жануардың өмір бойы қауіпсіз және сенімді түрде сәйкестендірілуіне, алдағы жүз жыл ішінде нөмірдің қайталанбауына кепілдік болады, ал биоүйлесімді шыны чиптің жылжып кетуіне жол бермейді. Әр жануар өмір бойы сақталатын бірегей сәйкестендіру кодын ала алады, оны толықтыру немесе өзгерту мүмкін емес. Чиптен ақпаратты оқу саны шектелмеген. Ол қуат көзін қажет етпейді және өздігінен ешқандай сәуле таратпайды. Бүгінгі күні жануарларға чип салумен Петропавл қаласындағы бірқатар клиника айналысады. Үй жануарларының иелерінен осы мәселеге жауапкершілікпен қарап, оларға қамқорлық жасауды сұраймыз, — деп хабарлайды облыстық ветеринария басқармасы.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz