Интернет-алаяқтыққа жол жоқ

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО полицейлері интернет-алаяқтықтың алдын алу жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Интернет-алаяқтықтың алдын алу жөніндегі акция Мамлютка қаласының және Мамлют ауданының 11 ауылдық округінің жүздеген тұрғындарын қамтыды. Әкімдік пен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, білім беру және медицина, қызмет көрсету саласының қызметкерлері, кәсіпкерлер, сондай-ақ бей-жай қарамайтын адамдар учаскелік инспекторлармен бірігіп, үйлерді аралап, жадынамалар таратты, желілік алаяқтардың айла-амалдарын түсіндірді. Олар ұйымдар мен кәсіпорындардың ұжымдарымен де кездесті. Ата-аналарына табыс ету үшін жадынамалар оқушыларға да берілді.

– Аудан аумағында 18846 адам тұрады, үш күндік акция аясында 7 мыңға тұрғынға ақпараттық брошюралар тартылды, – дейді аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Иса Мұстафин.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz