Петропавлдағы сепаратизм ісі: Сараптама аумақтық тұтастықты бұзуды насихаттау белгілерін анықтады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Сепаратизм бабымен тергеліп жатқан Петропавл қаласының үш тұрғынының мәлімдемесінде «Қазақстанның аумақтық тұтастығын бұзуды насихаттау» белгілері бар екені анықталды. Психологиялық-филологиялық сараптама нәтижесі туралы Бас прокурор Берік Асылов Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында айтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

— 2023 жылғы 30 наурызда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті «Петропавл қаласы еңбекшілерінің халық кеңесі» құрылғаны жөніндегі видеоны əлеуметтік желілерде орналастыру фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 180-бабының 2-бөлігімен (сепаратистік қызмет) сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастаған. Сол күні құқық қорғау жəне арнайы мемлекеттік органдардың тəжірибелі қызметкерлерінен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды. Іс бойынша процесс прокурорлары тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Алынған материалдар бойынша сот психологиялық-филологиялық сараптамасы жүргізілді. Оның қорытындысы бойынша материалдарда Қазақстан Республикасын ыдыратуды насихаттау, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, оның аумағының тұтастығы мен бірлігін бұзуды насихаттау белгілері бар, — деп жазылған жауапта.

Сондай-ақ, Бас прокурор қылмыстық іс бойынша 3 фигурантқа қатысты Солтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған тергеу сотының 2023 жылғы 20 сәуірдегі қаулысымен 2 ай мерзімге «күзетпен ұстау түріндегі» бұлтартпау шарасы санкцияланғанын еске салды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz