Жамбыл ауданында — жаңа прокурор

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Бас прокурордың бұйрығымен кіші әділет кеңесшісі Руслан Мырзасов Жамбыл ауданының прокуроры болып тағайындалды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

436527014 1796241354190066 4763705614353859137 n

Облыстық прокуратураның мәліметінше, Руслан Мырзасовтың прокуратура органдарындағы жұмыс өтілі 14 жылдан асады. Ол еңбек жолын 2009 жылы Тайынша ауданы прокурорының міндетін атқарушы қызметінен бастаған.

Әр жылдары Тайынша ауданы прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі, облыс прокуратурасының қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысының заңдылығын қадағалау басқармасының прокуроры, Петропавл қаласы прокуратурасының сотқа дейінгі іс жүргізудің және ЖІҚ заңдылығын қадағалау бөлімінің бастығы лауазымдарын атқарды.

2018 жылдың қазан айынан бастап Қызылжар ауданы прокурорының орынбасары лауазымында қызмет етті.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz