СҚО бойынша полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасы тұрғындарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақыруда, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Мектептегі жазғы демалыс қарсаңында полицейлер оқушылармен жоспарлы кездесулерді өткізуде. Сондай-ақ қала көшелерінде рейдтер өткізіп, скутер, велосипед және электросамокаттардың жүргізушілері арасында жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу жұмыстарын жүргізді.
– Жергілікті полиция қызметі мен ювеналды полиция басқармасының инспекторлары балаларға велосипедпен жүрудің негізгі ережелері туралы айтып, реттеушінің негізгі қимылдарының маңыздылығын түсіндіріп, барлық ережелерді қатаң сақтауға шақырды. Тәжірибе көрсеткендей, жол-көлік оқиғалары тек бос емес қиылыстар мен қала маңындағы жолдарда ғана емес, сонымен қатар көпқабатты үйлердің аулаларында да болады. Жазда балалар өте тәртіпті болуы керек, – деді СҚО ПД ЖПҚБ бастығы Айдын Байматов.
Жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша полицейлер скутер жүргізушілеріне де едәуір көңіл бөледі. Аталған көлік құралдарының жүргізушілерінде жарамды жарықтандыру аспаптары болуы тиіс, сондай-ақ скутерде қатаң қорғаныш дулығада жүру қажет. Өткен жылы облыстың жолдарында скутерлердің қатысуымен төрт жол-көлік оқиғасы тіркелді, соның салдарынан бес адам зардап шекті. Осы жылдың басынан бастап 35 жол-көлік оқиғасы тіркелді, соның салдарынан үш адам қаза тауып, 65 адам жарақат алды.