Өңірлік орталық коммуникациялық қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында облыстық бәсекелестікті қорғау және дамыту департаментінің басшысы Марлен Хамзин өткен жылды қорытындылап, үстіміздегі жылға арналған жоспарлармен бөлісті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Өткен жылы департамент түрлі тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне 39 талдау жасаған. Сонымен қатар, биыл агроөнеркәсіп кешеніне жатқызылған қарақұмық жармасын, барлық санаттағы тауық еті мен макарон өнімдерін өндіру және көтерме бағада сату бойынша 8 талдау жүргізді. Көтерме және бөлшектік сауда нарықтары, санитарлық қызметтер, скринингтік тексерулер қызметтері талданды. Оның нәтижелері бойынша монополияға қарсы орган 2022 жылы 46 хабарлама енгізді, оның 44-і толық көлемде толтырылды.
— «Кант-СК» ЖШС және «Н. А.Козлова» ЖК қант бағасын белгілеу мен қолдауда көрсетілген танылған бұзушылықтардың бар екендігі туралы хабарлама енгізді. Нәтижесінде «Кант СК» ЖШС тауар бағасын 333 теңгеден 6% — ға, яғни 313 теңгеге дейін, «Н.А. Козлова» ЖК өнім құнын 333 теңгеден 316 теңгеге дейін төмендетті. «Беркат» ЖШС, «Север» Богатырский продукт ТД» ЖШС, «ПХБК диірмені» ДП» ЖШС кебек бағасын белгілеу кезінде келісілген іс-қимылдар бөліктерінде танылған бұзушылықтардың бар екендігі туралы хабарламалар енгізілді. Хабарламалар толық көлемде орындалды, кебек бағасы төмендеді, — деді Марлен Хамзин.
Өткен жылы департамент «РА» ЖШС-ге қатысты медициналық жабдықтарды жеткізу бойынша мемлекеттік сатып алу конкурстарының қорытындыларын бұрмалауға әкеп соқтырған картельдік сөз байласу конкурстарына қатысушылардың қорытындысында, сондай-ақ «ЗерноАгроЭксперт» ЖШС-не қатысты тұқым сараптамасын жүргізу қызметтерін сатып алуға қатысты бұзушылық фактілері бойынша 2 тергеп-тексеруді аяқтады. Қазіргі уақытта сот процестері жүріп жатыр.