Индустрия министрі жеңілдетілген автонесиедегі жаңалықтар туралы айтты

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
Марат Қарабаевтың айтуынша, жеңілдетілген автокөлік несиесі әділ әрі ашық, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Үкімет кулуарында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев жеңілдетілген автонесие бағдарламасы туралы айтты. Ол бұл процесс қоғам талап еткендей ашық жүріп жатқанын мәлімдеді.

— Автосалондар мен банктерде кезек тұрғанда қоғам талап етті. Кезек қаншалықты адал жүріп жатыр деген сұрақ туындады. Оны жоққа шығару үшін біз оны онлайн жасадық, цифрландырдық. Бұл қоғамның және БАҚ-тың талабы, сұранысы болды, — дейді Марат Қарабаев

Сонымен қатар ол бағдарламаға көлігі барлар қатыса алмайтынын баса айтты. Министр жеңілдетілген автонесие механизмі ай сайын жұмыс істейтінін қоса кетті.

— Қазір ай сайын шамамен миллиард теңге қайтарылады. Бұл қаражат 100 көлікке жетеді. Енді біз мынадай механизмді қарастырып жатырмыз: қаражат 500-ге жуық көлікке жеткен соң іске қосамыз, яғни бұл дегеніміз 5 миллиард және одан да көп қаражат. Біз бір айда тағы бір миллиард жинаймыз, содан кейін бағдарламаны тағы да онлайн түрде жариялаймыз. Бұл — ең ашық механизм, — дейді Марат Қарабаев.

Министр бағдарламаға төрт бағыт бойынша түзетулер енгізілетінін айтты.

  • Алғашқы жарна – автокөлік сомасының 15%-ы.
  • Автокөлікті алғандардың аты-жөні туралы хабарландыру.
  • Автокөлік брендтерін қайта қарау мүмкіндігі.
  • Қатысушылар үшін жалақы шегін орнату мүмкіндігі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz