Бар ақшасын алаяққа берді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

33 жастағы Петропавл қаласының тұрғыны интернет-алаяқтың құрығына түсіп қалды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қала тұрғынына банктік картаға байланған телефон нөмірін өзгерту туралы өтініш келіп түскен. Петропавлдық азамат есепшоттағы ақшасын сақтап қалу үшін «WhatsApp» мессенджеріне келіп түскен нұсқауларды орындады. Алаяқ өз деректерін дауыстап атаудың қажеті жоқ екенін, тек «робот-чатқа» карта нөмірін, қорғаныс орнатылған соманы және белгілі бір «менеджер нөмірін» енгізу керектігін айтты. Қала тұрғынының сұрағына қылмыскер бұл картаның айналымындағы үш сан екенін түсіндірді. Бұл іс жүзінде қашықтан сатып алуға мүмкіндік беретін cvv-коды. Алайда қала тұрғыны «роботтың» келесі хабарламасына жауап ретінде «sms» арқылы келген кодты енгізген кезде қателік жіберді. Бұл клиенттің қаржысына толық қол жеткізуге мүмкіндік беретін бір реттік құпия сөз еді. Көп ұзамай «қорғалған» сома оның шотынан шығарылды. Шығын көлемі 113 мың теңгені құрады.

– Бұл факт ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Облыс тұрғындарынан “банктен қоңырау” келген кезде, әңгімені дереу үзуді сұраймыз, – деді СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz