ҚР Үкімет аппараты басшысының жаңа орынбасары тағайындалды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
Құндызбек Әбдірасылов ҚР Үкімет Аппараты басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

ҚР премьер-министрінің ресми сайтының жазуынша, Құндызбек Әбдірасылов 1982 жылғы 16 қарашада дүниеге келген.

Білімі:

«Әулие Ата» университетін және Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетін бітірген. Ақпарат жүйелері, қаржы және құқық салалары бойынша білім алды.

Еңбек өтілі:

Еңбек жолын 2005 жылы Жамбыл облысы Байзақ ауданы бойынша Салық комитеті Салық тіркеу бөлімінің штаттан тыс қызметкері болып бастады, осы жерде бас маман лауазымына дейін көтерілді.

  • «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, ҚР Статистика агенттігінде, Ұлттық экономика министрлігінде түрлі қызметтерде жұмыс істеді. Еуразиялық экономикалық комиссияның экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрінің хатшылығын басқарды.
  • 2014-2018 жылдары Астана қаласының Статистика департаменті басшысының орынбасары, департамент басшысы болды.
  • Әр жылдары ҚР қаржы министрінің, ҚР премьер-министрі орынбасарының, ҚР премьер-министрінің кеңесшісі болып жұмыс істеді.

Қазіргі уақытқа дейін ҚР премьер-министрі хатшылығының меңгерушісі болып қызмет етті.

Бұрын осы лазауымда болған Асқар Жәкенов басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz