Үздік жас тігінші

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыс орталығындағы кәсіптік даярлау және сервис колледжінде кәсіпкерлер палатасы мен әлеуметтік серіктестердің қолдауымен үздік жас тігіншіні анықтау мақсатында байқау өтті. Сайыс мамандықтар фестивалі аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Байқауға мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы (түзету) мектеп-интернаттарының оқушылары мен колледж студенттері қатысуға мүмкіндік алды. Сайыстың басты мақсаты – «тігінші» мамандығын насихаттау ғана емес, ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды ортаға бейімдеу.
Байқауға қатысушылардың әрқайсысының жұмыс орны тігін және кесу жабдықтарымен, нұсқаулық карталармен қамтамасыз етілді.

— 120 минут ішінде байқауға қатысушыларға қауіпсіздік техникасы мен бұйымды дайындау технологиясының талаптарын сақтай отырып, алжапқыш жасау талап етілді. Қатысушылардың жұмысы еңбек қауіпсіздігі ережелерін сақтау, жұмыс орнын ұтымды ұйымдастыру, еңбектің ұтымды тәсілдерін қолдану, технологиялық талаптар мен тапсырмаларды орындау сапасын сақтау, сондай-ақ жұмсалған уақыт сияқты критерийлер бойынша бағаланды, — деді СҚО кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Ирина Торопова.

Жас тігіншілерге тігін кәсіпорындарының қызметкерлері қатарынан шақыртылған қазылар алқасы баға берді. Жеңімпаздар мектеп-интернат оқушылары мен колледж студенттері арасында бөлек анықталды. Оқушылардың ішіндегі ең үздігі деп «Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған № 2 арнайы (түзету) мектеп-интернаты» КММ 10-сынып оқушысы Алтынай Ахтаева танылды. Студенттер арасында екінші курс студенті Инесса Вагнер бірінші орынға ие болды. Жүлдегерлерге дипломдар табыс етіліп, барлық қатысушыларға сыйлық ретінде тігін ісіне қажетті құрал-саймандар берілді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz