Әлихан Смайылов «TAV Airports» холдингінің басшылығымен авиациядағы ынтымақтастықты талқылады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Премьер-Министр Әлихан Смайылов пен «TAV Airports» холдингінің президенті Серкан Каптан авиация саласындағы ынтымақтастық және Қазақстанның көлік-логистикалық әлеуетін дамыту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz primeminister.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Әлихан Смайылов Түркия – Қазақстанның сауда-экономика, инвестиция, сондай-ақ көлік саласындағы негізгі серіктестерінің бірі екенін атап өтті.

«Біз еліміздің көлік-логистика әлеуетін арттыруға үлкен көңіл бөлеміз. Бүгінде Үкімет алдында Қазақстанның сенімді континенттік транзиттік хаб ретіндегі рөлін күшейту міндеті тұр», — деді ол.

Премьер-Министр «TAV Airports» Холдингінің Алматыдағы жаңа халықаралық терминал құрылысы бойынша ірі инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асыруға қатысуы маңызды деп атап өтті.

— Бұл – Орталық Азиядағы ең ірі әуежайлардың бірі әрі стратегиялық маңызы зор. Жаңа терминал құрылысы жолаушылар тасымалын айтарлықтай арттырып, ұшу географиясын кеңейтеді және мегаполис тұрғындары мен қонақтарына жоғары деңгейдегі жайлы қызмет көрсетеді деп күтеміз, — деді Премьер-Министр.

Өз кезегінде Серкан Каптан компанияның Қазақстандағы қызметі мен өндірістік мәселелері жайлы, сонымен қатар еліміздегі басқа да жобаларға қатысуды жоспарлап отырғанын айтты.

— Біз үшін Алматы әуежайы маңызды жобалардың бірі, өйткені ол Орталық Азияның қақ ортасында орналасқан және қала үшін де, бүкіл Қазақстан үшін де маңызды рөл атқарады. Сондықтан біз оны мүмкіндігінше тезірек дамытуға тырысамыз. Жаңа терминал келер жылы жұмыс істей бастайды деп үміттенеміз, — деді ол.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екендерін растады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz