«Қызылжар арландары» жарады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Қарағанды қаласында қазақ күресінен «Сарыарқа батырлары» деген атаумен өткен республикалық турнирге «Қызылжар арландары» клубы қатысып, жалпыкомандалық есепте екінші орынға қол жеткізді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

«Қызылжар арландары» клубының сапында облыс намысын 18 жерлесіміз қорғады. Жарыс 55, 60, 66, 74, 82, 90, 100 килограмм және 100 килограмнан жоғары салмақ дәрежелері бойынша өтті.

60 килограмда өнер көрсеткен Мейіржан Берекетов, 100 килограмм дәрежесінде Алтынбек Аусағитов жеңіс тұғырына көтерілді. Ал 66 килограмда Нұрғали Тұрсынғазиев пен 100 килограмда Қанат Өмірзақов қола жүлдені місе тұтты. Нәтижесінде жалпыкомандалық есепте «Қызылжар арландары» клубы күміс жүлдегер атанды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz