Петропавлда «Ұлы Дала дүбірі» көрмесі ашылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық  ғылыми-әмбебап  кітапханада биыл Астана қаласында өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына арналған «Ұлы Дала дүбірі» атты кең ауқымды панорама көрмесінің тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары – әлем жұртшылығына көшпенділердің даналығы мен дәстүрін, мәдениеті мен өнерін паш ететін халықаралық деңгейдегі айтулы мереке. Осыған орай ашылған көрмеде көшпенділер тарихы бойынша бірегей материалдар, ғылыми еңбектер, кітаптар, қазақ өнері бойынша альбомдар, спорттық жетістіктер мен ұлттық ойындар туралы иллюстрациялар мен басылымдар жинақталған, қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрлерін бейнелейтін медиаресурстар мен сәндік бұйымдар ұсынылған.

korme suret 2 e1705033676368korse suret 3

Шара арысында Ақан сері атындағы облыстық филармонияның «Әлқисса» фольклорлық ансамблі әсем әндерді әуелетіп, жастар тоғызқұмалақ ойнады. Жиналғандар аталған шараның еліміз үшін маңызды екенін айтып, көрмеге шолу жасап, ұлттық спорт жайлы баяндады. Ал ортаға шыққан жас спортшылар қазақ күресінің бірнеше тәсілдерін көрсетті.

— Тарихымыз ұлықталған сайын келешегіміз кемелдене түседі. Көрмеде тұрған қай затты алып қарасаң да, елдің өткені мен бүгінінен сыр ұқтырып тұр, — дейді облыстың құрметті азаматы, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы Жамбыл Тасеменов.

Ұлттық спортымызды ұлықтау мақсатын көздеген  көрме жыл бойы жұмыс істейтін болады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz