Қоқыс жаққан облыс тұрғыны мал-мүлкінен айырылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Солтүстік Қазақстан облысында өрт қауіпті маусым басталғалы 40-тан астам оқиға тіркелді. Соның ішінде 8-і орман өрті, ал 10-ы қураған шөпті жағу жағдайлары, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде СҚО Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Дмитрий Растихин өңірдегі өртке қатысты жағдай туралы айтты.

Сәуір айының басынан ормандарда 8 өрт болып, от 31,8 га аумаққа жайылды. Бұдан бөлек, 210 га жерде 200-ден астам жану фактісі тіркелді.

— Жалпы 5 сәуірден бері облыста 40 өрт шықты. Тұрғындар үй маңында, әсіресе желді күні қоқысты жағу аса қауіпті екенін түсіне бермейді. Мәселен М.Жұмабаев ауданындағы Бәйтерек ауданында өрт қора-қопсыдан шыққан. Сол күні желдің екпіні секундына 28 метрге жетті. Салдарынан қора-қопсыдан бөлек тұрғын үй, жазғы ас үй, 2 гараж, отын қора, монша, ВАЗ-2106 жеңіл көлігі мен Урал мотоциклі жанып кетті. Қорада тұрған шошқа мен 20 үй қоянын шығарып үлгермеген. Өрт жайпаған аумақ 278 шаршы метрді құрады. Осы аудандағы Сарытомар ауылында да дәл осы күні үлкен өрт болды. Мұнда да тұрғын үй маңында қоқыс жаққан. Ұшқын қораға түскен, қатты желден ол жайылып, баспана мен қора-қопсы, 4 ірі қара мал, 3 қой және 25 тауық жанып кетті. Өрт сөндірушілер жалынды көрші үйге жібермеді, — дейді Дмитрий Растихин.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz