Облыста «Еркін елдің ұрпағы» атты жалпыұлттық патриоттық диктанты өтті. Шараға колледж педагогтері мен қызметкерлері, студенттер қатысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Жалпыұлттық патриоттық диктантты жазудың басты мақсаты – ел тәуелсіздігі мен егемендігінің жетістіктерін дәріптеу, өскелең ұрпақты патриотизм рухында тәрбиелеу.
Облыстық білім басқармасының мәліметінше, биылғы диктантқа 1500-ден астам студент пен 300 педагог қатысуға ниет білдірген.
– Диктант – сауатты жазу дағдыларын қалыптастыратын маңызды сын. Бұл шараға қатысатын әрбір студент пен маман өзінің қаншалықты сауатты екенін біле алады. Сондықтан болар, жалпыұлттық шара жоғары маңызға ие, – делінген білім басқармасының мәліметінде.