СҚО мұғалімдері үздіктердің қатарында

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыс мұғалімдері «Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық бақауында жүлдегерлер қатарынан көрінді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.  

Өңірдің педагогтары  білім додасында қазылар алқасы назарына бейнесабақтар мен бейнедәрістер ұсынып,  12 аталым бойынша 10 жүлделі орынға ие болды. Оның 2-уі алтын, 4-еуі күміс және 4-еуі  қола медаль. «Денсаулық мәселелеріндегі сауаттылық» аталымы бойынша бірінші орынды  ЛОРД дарынды балаларға мамандандырылған облыстық мектеп-лицей-интернатының мұғалімі Ольга Степанова алды.  «Мәдениетаралық сауаттылық» аталымында №17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешенінінің директоры Ләззат Жалмұқанова топ жарды.

Екінші орынды  «Айгөлек» балабақшасы, №5 орта мектеп, бірінші қалалық жалпы білім беретін IT-лицей мен «Дарын» мектеп-лицейінің қызметкерлері иеленді. Қола жүлде «Экологиялық сауаттылық» номинациясында Заградовка орта мектебінің мұғалімі Алена Лосьқа, «Жаратылыстану сауаттылығы» аталымында Озерный орта мектебінің педагогы Марьям Шаймерденоваға және «Азаматтық-құқықтық-сауаттылық» аталымы бойынша Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернатының мұғалімі Дархан Қоспановқа бұйырды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz