ҚАЖД қызметкерлерінің еңбегі еленді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаменті Отан қорғаушы күні мен Жеңіс мерекесі қарсаңында салтанатты шара өткізді. Оның аясында бірқатар сала маманы «Қазақстан полициясына – 30 жыл» медалімен марапатталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қылмыстық-атқару жүйесі саласында еңбек етіп жүрген 70 маманның еңбегі еленді. Сондай-ақ 10-ға жуық ардагерге «Қазақстан полициясына – 30 жыл» төсбелгілері табысталды.

Салтанатты шарада бірінші болып сөз алған ҚАЖД бастығының уақытша міндетін атқарушы Әділет Мұстафинов, келе жатқан мейрамдармен құттықтады. Ол ел дамуына сүбелі үлес қосып, ішкі тұрақтылықтылық пен бірлікті сақтауға ат салысып жүрген мамандардың еңбегін жоғары бағалады.

– Ішкі істер органдарында еңбек етіп жүрген әрбір қызметкердің орны ерек. Бұл азаматтар ел тыныштығын күзетіп, абыройлы қызметімен көзге түсіп жүр. Баршаңызды Отан қорғаушы күнімен және Жеңіс мерекесімен құттықтаймын. Қазақстанымыз жасай берсін, – деді Әділет Мұстафинов.

Салтанатты шара концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz