Сотүстік Қазақстан облысынан сайланып, кенеттен көз жұмған Сенат депутаты Гүлмира Кәрімованың бос қалған мандатын иелену үшін 5 кандидат тіркелді. Үміткерлер сайлаушылардың қолын жинауға кірісті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Әкімдік сайтында жарияланған хабарламада жазылғандай, облыстық сайлау комиссиясына өзін-өзі ұсыну тәртібімен Парламент Сенатының депутаттығына үмітті мына 7 кандидат құжат тапсырған:
— Мелехов Сергей Владимирович;
— Махиня Евгений Сергеевич;
— Есдәулетов Жақсылық Төлеуұлы;
— Жалғасбаев Біржан Нұрмаханұлы;
— Рафальский Анатолий Брониславович;
— Рахметова Әсем Қалашбайқызы;
— Қасенова Рауза Ивановна.
— Бір кандидаттың ҚР Конституциясының және «ҚР сайлау туралы» заңының талаптарына, яғни ҚР мен СҚО аумағында тұрақты тұру бөлігіне сәйкес келмеуіне байланысты ұсынылуы тоқтатылды. Бір кандидат өз еркімен кандидатурасын қайтарып алды. 5 кандидаттың талаптарға сәйкестігі анықталды. Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттарды қолдау үшін сайлаушылардың қолдарын жинау рәсімі басталды, — делінген әкімдік сайтында жарияланған хабарламада.