СҚО-да 94 адамды кене шақты

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Өңірде кене шағып, дәрігерге қаралушылар саны артты. Сәуір айы басталғалы 94 адам медициналық көмекке жүгінді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде кенеге қатысты эпидемиялық маусым сәуірден бастап қазан айына дейін жалғасады. Күн жылынғалы 94 адам дәрігер көмегіне жүгінсе, оның 36-сы — 14 жасқа дейінгі бала.

Департаменттің бас маманы Айнаш Сағындықованың айтуынша, қазір кенелердің нағыз қауіпті шағы. Сондықтан табиғат аясына шыққан кезде міндетті түрде ұзын жеңді және жәндік анық көрінетін ақ түсті киім кию ұсынылады.

Кенелер 1,5 метрден жоғары көтерілмейді, сондықтан олар адамның аяғына жабысады және жабысып соруға ыңғайылы жер іздейді. Кенелер баяу жәндіктер, адамның киіміне немесе денесіне түскенде бірден сормайды, жорғалап орын таңдайды. Сондықтан өзіңді және өзара тексеру тиімді. Кремдер, гельдер және аэрозольдер түрінде репелленттерді қолдануға болады.

— Биыл мемлекеттік тапсырыс аясында сәуір және қыркүйек айларында Қызылжар ауданы Бескөл және Пеньково ауылдарында кенеге қарсы дезинсекциялық іс-шаралар өткіземіз. Қалған елді мекендер бойынша жергілікті атқарушы билік жауапты. Тағы бір ескерер жайт, кене шаққаннын көрсеңіз оны күшпен жұлып алуға тырыспаңыз. Кене теріге ауыз қуысының көмегімен жақсы бекітіледі және сіз кененің денесін ғана жұлып алып, басын қалдыруыңыз мүмкін. Бұл қабыну реакциясын тудырады. Кене шаққан орынды этил спиртімен немесе одеколонмен өңдеңіз, содан кейін кенені лассо-қаламымен, пинцетпен немесе қарапайым жіппен өзіңіз тартып алуыңыз керек. Кенені құмыраға, пластикалық көпіршікке немесе су бөтелкесіне салыңыз. Екі күн ішінде оны талдау үшін зертханаға апару керек. Жараны йод немесе спиртпен өндеңіз.  Кенені алу үшін майды, майлы кремді қолдануға болмайды! Бұл жағдайда оның демалуы бітеліп, сілекей мен қоздырғыштарды рефлекторлы түрде қанға жібереді, осылайша инфекция қаупін арттырады, — дейді Айнаш Сағандықова.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz