Бесінші қабаттан құлаған бойжеткен жансақтау бөлімінен шығарылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлда бесінші қабаттан құлаған қыз жансақтау бөлімінен шығарылып, палатаға жатқызылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі Qazaqstan Media-ға сілтеме жасап.

Петропавлда көпқабатты үйден құлаған 15 жастағы қыз есін жинады. Дәрігерлердің айтуынша, ол ауруханаға ауыр жағдайда жеткізілген. Жасөспірім бірден жансақтау бөліміне жатқызылды.

— Бізге жеткізілген бетте жағдайы ауыр болатын. Ол түні бойы жансақтау бөлімінде жатты. Келесі күні ақырындап есін жинады. Жабық бас сүйек жарақатын алған, миы шайқалған, өкпесіне ауа толған, ішкі органдарына да зақым келген. Қазіргі кезде өкпесінде дренаж тұр. Жағдайы тұрақталды. Ол дәрігерлердің жіті бақылауында, – деді облыстық көпбейінді балалар ауруханасы директорының емдеу жұмысы жөніндегі орынбасары Салтанат Шайкенова.

Маманның айтуынша, қыздың жамбасы, омыртқасы сынған. Бүгінде онымен психолог мамандар да жұмыс істеп жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz