СҚО полицейлері 260 жаңа бейнетіргешті қолданады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Өткен жылдан бері «Цифрлық полицей» жобасы аясында Солтүстік Қазақстан полициясының қызметкерлері жаңа үлгідегі киілетін бейнетіркегіштермен жарақтандырылуда. Бүгінгі таңда өңірде «Samsung» маркалы 260 құрылғы қолданылады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Жаңа бейнетіркегіштердің ескі үлгілеріне қарағанда бірқатар артықшылықтары бар. Бірі жадының көбірек болуы, екіншісі қондырғылардың аз уақыттың ішінде қуат алуы.

СҚО ПД патрульдік полиция батальондары мен Петропавл қаласы полиция басқармасының қызметкерлері жаңа бейнетіркегіштермен 100% жарақтандырылған. Жазба кезекшіліктің барлық уақытында жүргізіледі, тәртіп сақшылары үздіксіз жұмыс істеуі үшін «Power bank» қуаттау құрылғыларын да пайдаланады. Басты артықшылығы – онлайн-мониторинг жасау мүмкіндігі.

Кезекшіліктегі қызметкердің «бейнежетонына» кез келген минутта жедел басқару орталығы мен бөлімше басшылары, тіпті облыстық полиция департаментінің бастығы қосыла алады екен.

– Жалпы киілетін бейнетіркегіштерді барлық сыртқы қызметтердің қызметкерлері пайдаланады. Учаскелік инспекторлар, ювеналды және табиғатты қорғау полицейлері оларды хаттамалар жасау және халықтан шақыртуларға қызмет көрсету кезінде қосуға міндетті. Тергеу жедел топтардың құрамында кезекшілікке түсетін қызметкерлер оқиға орнына барған кезде бейнетіркегіштерді пайдаланады. Сондай-ақ патрульдік полиция қызметінің барлық автокөліктері барлық бағытта жазба жүргізетін бейнекешендермен жабдықталғанын еске саламыз, ал микрофоны бар камералардың бірі патрульдік автомобильдер салонында болып жатқан оқиғаларды тіркейді. Бейнетіркеу – бұл құқық бұзушылықтар бойынша дәлелдемелік базаны қалыптастырудың және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетудің сенімді құралы. Заманауи технологиялар ашықтық қағидаттарына негізделген полиция жұмысының сервистік моделіне көшудің негізі саналады, – дейді СҚО ПД ЖПҚ басқармасының бастығы Айдын Байматов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz