«Қызылжар» ФК сырт алаңда сүрінді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Футболдан ел біріншілігінің сегізінші турында «Қызылжар» командасы қарағандылық «Шахтерға» қарсы ойын өткізді. Сырт алаңдағы кездесу жерлестеріміз үшін сәтсіз болды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Бұл ойынға дейін солтүстікқазақстандықтар «Каспиймен», ал қарағандылықтар «Оқжетпес» командасымен тең түскен болатын. Сондықтан болар қос клубқа да жеңіс қажет еді. Кездесудің бірінші минуттарынан бастап, алаң иелері шабуылдауға кірісті. Алайда соққылары қақпадан қиыс кетіп жетті. Матчтың бел ортасында жерлестеріміз үшін алға шығатын бірнеше мүмкіндік болды. Бірақ қырағы қақпашы есеп аштырмады.

Екінші тайм басталысымен қызылжарлықтар қарсылас қақпасына бірнеше соққы жасады. Өкінішке қарай, есеп өзгеріссіз қалды. Ал 61-ші минутта «Қызылжар» аяқдопшысы ереже бұзып, ойыннан қуылды. Айып добын тепкен Темур Чогадзе тоғыздықты дәл көздеді. 1:0 есебін матч соңына дейін өзгермей, «Шахтер» қажетті үш ұпайды еншіледі.

Жеңіліске ұшырағанына қарамастан «Қызылжар» турнир кестесінде көш бастап тұр, жерлестерімізді «Астана» өкшелеп келеді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz