СҚО-да меланома обырынан 3 адам қайтыс болды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Өңірімізде меланома обырынан былтыр 3 адам қайтыс болса, биыл бір сырқат көз жұмды, деп хабарлайды Qyzyljaenews.kz тілшісі.

Облыстық онкологиялық орталық емханасының меңгерушісі Марат Тұрғыновтың айтуынша, қазіргі уақытта меланома қатерлі ісігімен 141 адам диспансерлік есепте тұр. Бұл диагноз 2021 жылы – 28, былтыр 13 адамға қойылған. Ал жыл басталғалы 6 адам дәрігерлердің есебіне алынды.

– Меланома – бұл ең тез дамитын, бірақ сирек кездесетін қатерлі ісіктің бір түрі. Негізінен ол теріде пайда болады, адамдар оны қал екен деп, көбіне мән бермей уақытты өткізіп алып жатады. 2021 жылы обырдың осы түрінен үш адам, былтыр да үш сырқат көз жұмды. Биыл бір адам меланомадан қайтыс болды, – дейді дәрігер.

Маманның айтуынша, диспансерлік есепте тұрғандардың 96-сы – әйел, 45-і – ер адам. Тері меланомасы диагнозы көбінесе 30-35 жастағыларға қойылады. Әйелдердің аяғына шықса, ерлердің арқасында пайда болады.

– Меланома кезінде мең тез үлкейе бастайды. Түсі, көлемі өзгеріп, ауырсыну, қанау, қышу пайда болады. Үстіндегі түк түсіп, айналасы қызаруы мүмкін. Жақында пайда болған, пішіні өзгеше, шеттері тегіс емес қалға да мән беру керек. Әдетте меланома кезінде лимфа түйіндері де ұлғая түседі. Осы белгілердің біреуі пайда болған жағдайда жедел түрде дерматологқа немесе онкологқа барып көріну қажет, – дейді Марат Тұрғынов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz