Мереке күндері «102» арнасына тұрғындардан 1745 қоңырау келіп түсті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Соңғы төт күннің ішінде «102» арнасына 1745 қоңырау келіп түсті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО полиция департаментінің мәліметінше, мамырдың 6-сы мен 9-ы күндері аралығында тәртіп сақшылары күшейтілген режімде жұмыс істеді. Мереке кезінде Петропавлдың көшелеріндегі қоғамдық тәртіпті сақтауға 200-ден астам полицей мен әскери қызметші жұмылдырылды. Жалпы, жедел жағдай тұрақты болғанымен, 4 күн ішінде «102» арнасына түскен 1745 қоңыраудың 600-ге жуығына полиция мамандары тартылды. Қиындық тудырған себептердің көбі – түнгі тыныштықтың бұзылуы және отбасылық жанжалдар болып, мұндай 26 факті тіркелді. Сондай-ақ басқа біреудің мүлкін ұрлау туралы бойынша 23 хабарлама келіп түсті.

Петропавл қаласы ПБ жедел басқару орталығының ақпаратына сәйкес, облыс орталығының көшелерінде, қиылыстарында және алаңдарында орнатылған бейнекамераларды пайдалана отырып, 258 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде 212 ЖЖЕ бұзушылық, қалғандары — ішімдік ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйде тұрғындардың жүруі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz